Күміс университет: тыңдаушылар Ақмола облысының көркем бұрыштарын тамашалады
Күміс университет тыңдаушыларының кезекті сапары 2025 жылғы 27 қаңтарда "Бурабай" мемлекеттік қорығының "Aqmaral"фермасына болды. Ферма жануарлардың жабайы өмір сүру жағдайларына жақын жағдайларда марал өсіруге маманданған.
Ферма маманы осы жануарлардың ерекшеліктері, оларды ұстау және күту процесі туралы айтты. Қатысушылар маралдардың жүріс-тұрысы, олардың әдеттері және жабайы табиғатта осы түрді сақтаудың маңыздылығы туралы деректерді қызығушылықпен тыңдап, жануарларды қолдарынан тамақтандырды.
Саяхат бағдарламасында шаруашылықтың қызметімен танысу, демалу мен емдеуді (пантоемдеуді) ұйымдастыру бойынша ақпарат алу болды. Тур қатысушылары марал панттарының негізінде өндірілген қазақстандық өнімдермен танысып, дәрі-дәрмектерді, майлар мен тұнбаларды сатып алды.
Күміс университеттің тыңдаушылары киіз үйде жайылған дастарханға шақырылды. Қонақтарға жергілікті шөптер негізінде жасалған шай, түрлі қоспалары бар бал және ыстық бауырсақтар ұсынылды.
Орманда серуендеу, жануарлармен араласу және Бурабай табиғатының көркем қысқы пейзаждары бұл күнді ұмытылмас етті.
Тыңдаушылар экскурсия ұйымдастырушыларына алғыс айтып, өз өлкесінің табиғаты мен мәдениетін зерттеуді жалғастыру үшін осында қайта оралуға ниет білдірді.