Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ғимаратында “Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жиын өтті
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ғимаратында “Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жиын өтті.
Аталған жиынға, Ақмола облысы жастар – ресурстық орталығы жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт кеңсесінің басшысы – Хамзин Дидар Ахметұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттер арасындағы жастар саясаты департаментінің басшысы – Тілеубаева Назгүл Найзабекқызы мен аталмыш оқу орнының парламент мүшелері қатысып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аталған оқу мекемесіндегі волонтерлердің қызметі мен жетістіктері туралы сөз қозғалды.