Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Конституция және Жаңа Қазақстан реформалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер референдум қарсаңында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Талқылау барысында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, өкілді билік институттарының рөлін арттыру, мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қоғамның қатысу тетіктерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ білім, ғылым, инновация және адами капиталды дамыту, неке туралы баптың толықтырылуы сияқты жаңа нормалар студенттермен кеңінен талқыланды.

Студенттер өз ойларымен бөлісіп, жаңа Конституция жобасы бойынша өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікірталас жүргізді.

Дөңгелек үстел ғылыми-сараптамалық пікір алмасу алаңына айналып, құқықтық мәдениетті арттыруға және Конституцияның елдегі стратегиялық реформаларды жүзеге асырудағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.


#конституция #референдум