Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеуді жариялады.

Жақсы нәтиже:

Қазіргі таңда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттерінің басым бөлігі бағдарламаға қатысу үшін тіркеуден өтті.

Бағдарламаға қатысушылар жасанды интеллект, IT, кәсіпкерлік және дизайн-ойлау салалары бойынша әлемнің жетекші сарапшыларынан білім алуға, сондай-ақ өздерінің технологиялық жобаларын әзірлеуге мүмкіндік алады.

Тестілеу мерзімі:

2–15 наурыз 2026 жыл (23:59-ға дейін)

Тест форматы:

• 25 сұрақ

• 120 минутқа дейін

Тіркелу және тестілеуден өту:
aisanatesting.kz
aisana.gov.kz

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!