Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің жоғары медицина мектебінің 4 курс студенті Тайлақов Жандос 22-23 ақпанда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен дәстүрлі республикалық "BAITURSYNULY CUP-XIX" турниріне қатысты. Турнирге еліміздің әр өңірінен 32 команда қатысты.
Тайлақов Жандос "Волан де Морт" фракциясының құрамында үздік нәтиже көрсетіп, негізгі алаңның финалисті атанып, жүлделі 2 орынға ие болды. Сонымен қатар, ол турнирдің үздік 8 спикеріне кірді.
"BAITURSYNULY CUP-XIX" сияқты беделді жарыстарға қатысу зияткерлік қабілеттерін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және көшбасшылық қасиеттерін нығайтуға ықпал етеді. Жандосқа оқуда одан әрі табыс және жаңа жеңістер тілейміз!