Ualikhanov University студенті: Нұрсұлтан Назарбаев стипендиясының иегері

Ualikhanov University: Нұрсұлтан Назарбаев қорының жаңа стипендиаты

Ualikhanov University «Бизнес және қызметтер» кафедрасының студенті Сәрсембаева Дильнара Жұматқызы Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиясының иегері атанды, ол Қазақстанның үздік 80 студентіне табысталды.

Бұл оның еңбегі мен білім берудегі жетістіктерін мойындау.Дильнара Президенттік стипендияның иегері ғана емес, оған қоса «Шоқан Тарланы», «Жылдың үздік студенті», «Шоқан жұлдыздары» байқауларының жеңімпазы атанып, халықаралық және республикалық олимпиадаларда жеңіске жетті.

Үздік студент қана емес, сонымен қатар ғылыми қызметпен де айналысады. Оның жұмысы отандық және халықаралық жинақтар мен журналдарда басылып шықты.

Дильнара Сәрсембаеваны осы керемет жетістіктерімен құттықтаймыз!