Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері 2023-2024 жылғы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауына қатысты. Төребек Айсана Талғатқызы Талғатқызы «АСБ балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі :Оразбаева Қ.О.

Келлер Юлия Иванова «Тұлғадағы қазақ немістану: лингвоперсонологиялық көзқарас (А.Е.Карлинский, Н.И.Букетова, А.Е.Бижкенова еңбектері негізінде)» тақырыбымен 3-орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі : Л.С.Байманова.

Университет студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтады және академиялық эдвайзерлерге кәсіби тәлімгерліктері мен қолдаулары үшін алғысын білдіреді.