2025 жылғы 28 қазанда Республика күніне арналған студенттердің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Іс-шара Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толуына арналды
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ардақ Қайыржанұлы Қапышев мерекелік кешті ашып, өз құттықтау сөзінде Республика күнінің елдің мемлекет құру жолындағы тарихи рөлін атап өтті.
Іс-шара барысында университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқан студенттер мен универитет қызметкерлері марапатталды.

Концерттік бағдарламада «Импульс» би студиясының, «Шанырақ» домбыра ансамблінің, «Жауқазын» халық студенттік жастар театр-студиясының және New Voice вокалдық студиясының қатысушылары өнер көрсетті.
Студенттер өздерінің шығармашылық әлеуеті мен белсенді азаматтық ұстанымдарын айқын көрсетіп, университеттің мәдени және қоғамдық өміріне зор үлес қосуда.