Ualikhanov University студенттері еуропалық университеттен екінші диплом ала алады.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Ualikhanov University) мен Mykolas Romeris University (MRU, Литва) арасында "аударма ісі"қос дипломды бағдарламасын іске асыру туралы келісім жасалды. Бағдарлама аяқталғаннан кейін түлек Ualikhanov University және еуропалық университеттен екі диплом алады.

Осы қос диплом алу туралы келісім бакалавриат бағдарламасының MRU-дағы "Аударма ісі және редакциялау" мамандығы бойынша және Ш.Уәлиханов атындағы университеттегі бакалавриат бағдарламасының "Аударма ісі" мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін жүзеге асырылатын болады.

Қос диплом бағдарламасы университеттер арасындағы студенттер алмасу негізінде жүзеге асырылады. Қос диплом алу бағдарламасына қатысқысы келетін студенттер MRU-да (Mykolas Romeris University) оқуды бастамас бұрын Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде кемінде төрт семестр оқуы керек. Сонымен қатар, студенттер жоғары академиялық деңгейге ие болуы керек.

@shoqanglobal

@zhailagul sagyndykova

Оқытуға қатысты сұрақтарды поштаға жібере аласыз DRyspayeva@shokan.edu.kz