Ualikhanov University студенттері «Digital AgroLeaders 2026» халықаралық байқауында үздіктер қатарында!
Ualikhanov University студенттері «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясы ұйымдастырған «Digital AgroLeaders» жыл сайынғы халықаралық байқауына қатысты. Байқау талантты және бастамашыл студенттерді анықтауға, аграрлық және инженерлік мамандықтарды насихаттауға, сондай-ақ заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Биыл байқау мерейтойлық, он бесінші рет өткізілді.
«Digital AgroLeaders 2026» финалы студенттеріміз үшін маңызды кезең болды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ инженерлік технологиялар және көлік кафедраларының студенттері жоғары дайындық деңгейін, тиімді командалық жұмысты көрсетіп, жүлдегерлер қатарына енді.
Финалдық кезең қорытындысы бойынша:
- Командалық есепте 1 орын:
Михалев Андрей (Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 2 курс)
Липко Алексей (Машина жасау, 3 курс)
- 2 орын:
Бузуртанов Мовсар (Data Science, 2 курс)
Вульферт Даниил (Ақпараттық жүйелер, 2 курс)
- 3 орын:
Нурланов Даниял (Data Science, 2 курс)
Сонымен қатар студенттер жеке номинациялар бойынша марапатталды:
Бузуртанов Мовсар – 2026 жылы Түркиядағы серіктес зауыттарды аралауға сертификат иегері
Скоробогатов Роман (Ақпараттық жүйелер, 2 курс) – «Практикалық тапсырма аясындағы ең үздік IT-шешім» номинациясының жеңімпазы
Кривцун Даниил (Аграрлық техника және технология, 3 курс) – Еуропаға сапар сертификатының иегері
Финалға қатысқан барлық студенттер бағалы сыйлықтармен марапатталып, компанияда ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Байқаудың барлық кезеңінде студенттерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының оқытушысы Куштан Юлия Витальевна жетектеп, компания тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Студенттерімізді жоғары нәтижелерімен және лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Юлия Витальевнаға студенттерді сапалы дайындағаны үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Бұл жетістік - Ualikhanov University жанындағы С. Сәдуақасов атындағы агротехникалық институттың аграрлық инженерия саласында білікті мамандар даярлайтынының тағы бір дәлелі.
Біз сіздермен мақтанамыз!