"Green Horizon" (Жасыл шатыр) стартап-жобасының авторлары -университет студенттері Сеильбеков Ермек пен Хайруллина Алина 2023 жылы "Шеврон Мұнайгаз Инк" қаржылық қолдауымен "National Conservation Initiative" корпоративтік қоры ұйымдастырған "Sustainability Living Lab: Outreach" жобалар байқауына қатысты.
Студенттердің жобасы Көкшетау қаласы, Абай, 76 мекенжайындағы университеттің бас ғимаратының террасасын абаттандыруға бағытталған. Жоба конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды және қордан 1 300 000 теңге көлемінде өтеусіз грант түрінде қаржылық қолдау алды.
Техникалық персоналдың, қаржы бөлімінің, бизнес-инкубатор қызметкерлерінің және университет басшылығының қолдауымен Ермек пен Алина тамыз айында өз идеяларын жүзеге асыруға белсене кірісті. Маңыздысы, студенттер жобаның нәтижелерін 2024 жылы оқуды аяқтап, жобалаушы дипломын алғаннан кейін бастайтын өз бизнесі үшін жарнама ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.
Жобада "Sustainability Living Lab: outreach" конкурсының гранттық қаражаты мен университет қаражаты біріктірілген. "Sustainability Living Lab: Outreach" конкурсының "Green Horizon" жобасы бойынша жұмыстардың барлық көлемі толық көлемде орындалды.
Студенттер инвесторға қаржылық және мәтіндік есеп дайындады. Жақын арада жеткізілетін орындықтар, гүлзарлар, шамдар орнатылғаннан кейін алаңның ашылуы өткізіледі.
Нысанның салтанатты ашылуын күтеміз!