Оқу жылы бойы "QazMedZhastary" еріктілер қозғалысына белсенді қатысқан Жоғары медицина мектебінің студенттері алғыс хаттармен марапатталды.

Қозғалыс жетекшілері: Нұғуманова Айза Ғабитқызы және Қожахмет Карина Кенесарықызы.
Марапатталған 1 курс студенттері: Мұқажан Аружан Азаматқызы, Тасболат Мадина Дүйсенбіқызы, Құдайберген Назерке Абайқызы, Болат Жадыра Жанибекова, Адина Даниярқызы
Бұл белсенді жастар оқуымен қатар, түрлі профилактикалық шараларға қатысып, еріктілік қозғалысының дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Ізгі ниеттеріңізге, жанашырлығыңызға және кәсіби көзқарастарыңызға алғыс білдіреміз. Сіздер – барлық студенттерге үлгісіздер!