Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Медицина жоғары мектебінің студенттері «КГМА Ғылым күндері» халықаралық ғылыми‑тәжірибелік конференциясында жүлдегер атанды 2025 жылы 17–18 сәуір аралығында Қырғыз Мемлекеттік Медицина Академиясының базасында ұлы хирург, денсаулық сақтау ұйымдастырушысы және ғалым — медицина ғылымдарының докторы, профессор Зыфар Иғембердіевтің 117‑жылдығына арналған «КГМА Ғылым күндері»атты халықаралық ғылыми‑тәжірибелік конференциясы өткізілді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Медицина жоғары мектебін конференцияда 03trends ғылыми клубының мүшелері лайықты түрде таныстырып, жоғары ғылыми дайындығын, зерттеу мәдениетін және үздіксіз даму ұмтылысын көрсетті. Конференцияға ТМД елдерінің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, жас ғалымдары мен оқытушылары қатысты. Қатысушылар қазіргі заманғы медицинаның басты бағыттарын, клиникалық‑эпидемиологиялық мәселелерді және өзекті зерттеулер нәтижелерін талқылады.

Қорытынды бойынша үш студент жүлделі орындарға ие болды:

- Шишкин Иван Юрьевич, 5‑курс студенті — І орын

- Тақырыбы: «Ақмола облысында простата безі рагының 15 жылдағы эпидемиологиялық тенденциялары»

Ғылыми жетекшісі: д.м.н., профессор Ігісін Нұрбек Сағынбекұлы

- Қожахмет Карина Кенесарықызы, 2‑курс студенті — ІІ орын

Тақырыбы: «Қазақстанда рахиттің кеңістіктік бағалануы: аймақтық факторлар мен алдын‑алу шараларының әсері»

Ғылыми жетекшісі: д.м.н., профессор Ігісін Нұрбек Сағынбекұлы

- Мусылман Аружан, 6‑курс студенті — ІІ орын

Тақырыбы: «Острый панкреатитті медикаментозды терапиялау»

Ғылыми жетекшісі: д.м.н., профессор Рустемова Күлсара Рустембековна

Бұл марапаттар — студенттердің табанды еңбегі, ғылыми ынтасы және тәжірибелі профессорлардың шабыттандыратын жетекшілігінің нәтижесі. Престижді конференциядағы жеңістер Көкшетау университетінің ғылыми дәстүрлерінің беріктігі мен жоғары академиялық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Біз студенттеріміз бен оқытушыларымыздың жетістіктеріне мақтанамыз: олардың еңбегі университеттің халықаралық ғылыми аренадағы мәртебесін одан әрі нығайтуда!