"Qazaqstan" телеарнасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен еліміздің жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында "Дара" ұлттық білім бәйгесін ұйымдастырды. Зияткер сайысына еліміздің барлық өңірінен үздік 28 команда қатысып жатыр.

Біздің Ualikhanov University-де осы үлкен іс-шараға шақырылған болатын.Ұлттық білім бәйгесінің мақсаты - жастырдың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, білім бәйгесіне бейімдеу, жоғары оқу орындарының имиджін көтеру.

Сайыс «Кім жылдам?», «12 ұяшық», «Жұмбақ жәшік» сияқты бірнеше кезеңнен тұрады.Біз үшін бұл байқау жаңа және танымдық жаңалық болды.

Осындай телешоуға қатысу мүмкіндігі үшін Ұлттық арна мен университет басшылығына алғысымызды білдіреміз!