Ualikhanov University және халықаралық білім беру компаниясы BigData Team цифрлық технологиялар бағытындағы білім беру бағдарламаларын дамытуға және студенттердің IT саласындағы құзыреттерін арттыруға бағытталған өзара түсіністік меморандумына қол қойды.
Ынтымақтастық аясында тараптар Big Data (Data Engineering) және Machine Learning (Data Science, деректерді талдау, жасанды интеллект) бағыттары бойынша бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асырып, ортақ іс-шаралар ұйымдастыруды, әдістемелік тәжірибе алмасуды, сондай-ақ студенттердің кәсіби дамуына ықпал етуді жоспарлап отыр. Бұл студенттер үшін тәжірибеден өту және тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Аталған меморандум университет пен IT индустриясы арасындағы байланыстарды нығайтып, студенттердің цифрлық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оларды жоғары технологиялар саласына тартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Серіктестік алдағы уақытта да бірлескен жобаларды іске асыруға және ынтымақтастық аясын кеңейтуге жол ашады.
BigData Team - Big Data саласында IT-мамандар мен жетекшілерді даярлауға маманданған халықаралық білім беру компаниясы. Команда құрамында NVIDIA, Amazon AWS, Yandex, Rambler, Microsoft сияқты әлемдік компаниялардың сарапшы-практиктері, сондай-ақ жасанды интеллект бағытындағы стартаптардың негізін қалаушылар бар.