22-29 сәуір аралығында Ақмола қалалық білім басқармасымен ынтымақтастық негізінде су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету бағдарламасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Атбасар өңірінен келген 20 баланы «Тұлпар» спорттық сауықтыру лагеріне орналастырды. Бұл бастама «Тұлпар» ССЛ қызметкерлерінің, психологтардың, медициналық қызметкерлердің және «Әлеуметтік және жасерекшелік педагогика» кафедрасының еріктілерінің бірлескен күш-жігерімен жүзеге асты.
Балалар жайлы бөлмелерге орналастырылды, психологтардан білікті қолдау, жеке медициналық көмек алды, еріктілермен топтық және жеке сабақтарға белсенді қатысты. Университет қызметкерлері қиын жағдайға тап болған балаларға стрессті жеңуге, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға және эмоционалдық әл-ауқатын жақсартуға көмектесті.
Ualikhanov University-ң азаматтарға деген қамқорлық пен ынтымақ сезімінен туындаған бұл бастамасы балалардың қалыпты өмірге тезірек оралуына ықпал ететініне сенімдіміз.