Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "Caravan of Knowledge" корпоративтік қоры мен Tengizchevroil қолдауымен "Zhylyoy STEAM Mekeni" білім беру жобасын жүргізуде.

Жобаның негізгі мақсаты - Атырау және Маңғыстау облыстарының мектептерінен математика, физика, биология және химия мұғалімдеріне арналған STEAM-білім беруді дамыту.

Zhylyoy STEAM Mekeni - бұл Атырау облысының Жылыой ауданында және Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында Steam білім беруді дамытуға бағытталған жоба, оны Caravan of Knowledge корпоративтік қоры Теңізшевройл компаниясының қолдауымен жүзеге асырады.

Жоба аясында Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан, сондай-ақ Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының үш мектебінен 100-ден астам педагог қатысады. Күзгі демалыс кезінде университет оқытушылары Құлсары қаласындағы №8 мектеп базасында мұғалімдерге арналған қарқынды оқыту іс-шараларын өткізеді.

Бұл жоба еліміздің батыс өңірлерінде Ualihanov University брендінің қатысуын кеңейтуде және нығайтуда маңызды кезең болып табылады.