Ualikhanov University Әзірбайжан Республикасының университеттерімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Ualikhanov University ректоры Марат Сырлыбаев Алматы қаласында өткен Қазақстан мен Әзірбайжан жоғары оқу орындары ректорларының форумы аясында Баку Евразия университетімен және Нахчыван мемлекеттік университетімен ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды.
Бұл келісімдер екі ел университеттері арасында студенттер мен оқытушылардың жоғары білім алу саласындағы нақты бірлескен жұмыстың негізін қалайды. Ынтымақтастық аясында жоспарланған негізгі бағыттар:
- «Құқық және бизнес» жоғарғы мектебі мен «Медицина» жоғарғы мектебі бағдарламалары бойынша студенттердің академиялық алмасу бағдарламаларын іске асыру;
- экономика және тіл білімі саласында бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу.Аталған меморандумдар академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, бірлескен зерттеулерді іске асыруға және университеттер арасындағы байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
- Бұл серіктестік Ualikhanov University студенттері мен оқытушыларына халықаралық тәжірибе алуға тың мүмкіндіктер ашады.