Ualikhanov University барлық түлектерді, олардың ата-аналарын және ұстаздарын соңғы қоңырау мерекесімен құттықтайды!

Мереке қарсаңында 23 және 24 мамырда оқытушыларымыз бен проректорларымыз Көкшетау және Степногорск қалаларындағы мектептерде болып, құттықтауларын айтып, сәттілік тіледі.

Соңғы қоңырау оқу жылының аяқталуын ғана емес, өмірдің жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.

Түлектердің өзін-өзі жүзеге асыруына және мақсаттарына жетуіне көптеген мүмкіндіктер бар.Сіздерге өз қабілеттеріңізге сенімділік пен білімге деген өшпес ұмтылыс тілейміз.