11 қыркүйекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік – 90 жыл» республикалық экспедициясы мүшелерімен кездесу Ualikhanov University алаңында өтті. Іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.Басты мақсат - ұлттық рухани-мәдени мұраны насихаттау, қазақ этнографиясы мен әдебиетінің көрнекті өкілі Зейнолла Сәніктің мол ғылыми-шығармашылық мұрасын дәріптеу және студент жастардың этнографиялық-әдеби білімін арттыру.Белгілі ғалымдар, этнографтар мен қаламгерлер студенттермен кездесіп, ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи мұраны дәріптеу және Зейнолла Сәніктің өмірі мен еңбектері жөнінде ой бөлісті.Бұл кездесу студенттерге рухани-шығармашылық жағынан ой салған, маңызды шара болды.