2025 жылғы 5 қарашада интернационализация жөніндегі проректор Ж.О. Сагындыкова Беларусь және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі Жұмыс комиссиясының отырысына қатысты. Іс-шара онлайн және офлайн форматтарын біріктірген аралас форматта өтіп, екі елдің жоғары оқу орындарының өкілдерін ортақ диалог алаңында біріктірді.
Ualikhanov University Консорциум аясында халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық бағыттарын белсенді түрде дамытып келеді. Университет Беларусьтың үш жетекші жоғары оқу орнымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Қазіргі уақытта Ualikhanov University-дің төрт студенті Беларусь жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.
Отырыс қорытындысында тараптар 2023–2025 жылдарға арналған Консорциумның бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асырудағы елеулі нәтижелерді, академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың нығаюын атап өтіп, 2026–2027 жылдары әріптестікті одан әрі кеңейту туралы келісті.