Ualikhanov University-ң профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Денсаулық – 2025» ХХІІ Спартакиадасының екінші күні өтті.

Жарыстың екінші күнінде қатысушылар келесі пәндер бойынша бақ сынасты:

  • Үстел теннисі,
  • Шахмат,
  • Волейбол,
  • Пневматикалық қарудан ату.

Күн оқиғаға және эмоцияға толы болды, әр команда жоғары дайындық пен спорттық шеберлік көрсетті. Байқаудың екінші күнінің қорытындысы кейінірек жарияланады.

Спартакиаданың қалған күндерінде командаларға одан әрі табыстар мен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!