Ол университетімізге English Language Fellow бағдарламасы аясында келді. Бұл бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаменті тарапынан жүзеге асырылады және ағылшын тілін оқытуды бүкіл әлемде қолдауға әрі дамытуға бағытталған. Жыл сайын осы бағдарлама аясында ағылшын тілі кафедрасы студенттердің тілдік дағдыларын жетілдіру мақсатында шетелдік оқытушыларды шақырады.

Келер академиялық жыл бойы профессор Франсуа Харрис ағылшын тілінен сабақ беріп, өз тәжірибесімен бөлісетін болады. Біз оны профессорлар қатарында көргенімізге қуаныштымыз.

Профессор Харриске жемісті еңбек тілейміз!