Ualikhanov University ғалымдары «ҚММА Ғылым күндері – 2026» халықаралық конференциясында
Ualikhanov University Жоғары медицина мектебінің делегациясы И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында өткен «ҚММА Ғылым күндері – 2026» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жоғары нәтиже көрсетті.
Біздің зерттеушілеріміз - талапты студенттерден бастап жас ғалымдарға дейін ғылыми дайындықтың үздік деңгейін паш етіп, университетіміздің медицина мектебі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗ:
II орын:
- Мұрзағұлов Нұрымжан Әбиевич (2-жыл аспиранты, ЖММ аға оқытушысы);
- Шишкин Иван (ЖММ интерні);
- Абуталипова Айбота (интерн, «Постерлік баяндамалар» секциясы).
III орын:
- Кожахмет Карина (ЖММ 3-курс студенті)
- Борисова Дарья (5-курс студенті, «Хирургияның өзекті мәселелері 1» секциясы)
- Истемесов Адиль (5-курс студенті, «Хирургияның өзекті мәселелері 1» секциясы)
Мұндай айтулы жетістіктерге қол жеткізу жоғары деңгейдегі ғылыми жетекшіліктің арқасында мүмкін болды. Медицина ғылымдарының докторы, Ualikhanov University-дің профессоры Игісін Нұрбек Сағынбекұлының жетекшілігімен төрт зерттеуші жүлделі орындарға ие болды. Олардың үшеуі - біздің университеттің студенттері, ал төртіншісі - ҚММА аспиранты Клешнев Роман Андреевич, ол құрметті I орынға ие болды.
Ualikhanov University-дің қауымдастырылған профессоры (доцент), медицина ғылымдарының кандидаты Мырзаханова Маржан Нұркенқызының жетекшілігімен университеттің үш студенті жүлделі орындарға ие болды.
Медицина ғылымдарының докторы, Ualikhanov University профессоры Рустемова Күлсара Рустембекқызының жетекшілігімен Астана медицина университетінің студенті Садритен Алуа құрметті III орынға ие болды.
Сондай-ақ Жоғары медицина мектебінің деканы Лисицын Юрий Вячеславовичке сапарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл қолдау университетіміздің халықаралық деңгейде лайықты таныстырылуына мүмкіндік берді.
Осындай әсерлі нәтижелер біздің оқытушыларымыздың кәсібилігі, қалыптасқан ғылыми мектеп және тәлімгерлік тәжірибесінің арқасында жүзеге асты.
Ualikhanov University-де ғылым, білім және тәлімгерліктің тиімді үйлесімі бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын қалыптастыруды жалғастыруда.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың ғылыми жетекшілері мен ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз! Жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт және халықаралық деңгейдегі жаңа табыстар тілейміз!