Аризона мемлекеттік университетінің делегациясы стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін Шоқан Уәлиханов атындағы университетте болды. Сапар барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімділігі мен азық-түлік өндірісін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерге басымдық қажеттіліктерін қарастырды.

Бұл шара ағымдағы жылдың сәуір айында өткен ауыл шаруашылығы мен ғылым саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланған алдыңғы кездесудің жалғасы болып табылады.Сондай-ақ Аризона университетінің өкілдері университеттің академиялық жетекшілерімен кездесті. Университеттің зертханаларына экскурсия жасалды, оның ішінде ядролық магниттік резонанс (ЯМР) және су сапасын талдау зертханалары.

Қонақтар университет пен Ақмола облысында жүргізіліп жатқан ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті зерттеулермен танысты, сонымен «Гормолзавод» ЖШС, «Eurasia Group» ЖШС, Бұланды ауданының «Бота-2015» ЖШС, «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» сияқты облыстың жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болды.

Университет бұл сапар аймақтағы ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиясын дамытуға бағытталған жемісті ынтымақтастықтың бастау нүктесі болады деп үміттенеді.