Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Еңбек Күнін мерекелеуге арналған еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» байқауына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Байқаудың мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.
Конкурс 3 номинацияны қамтиды:
Үміткерлердің өтініштерін қабылдау 2023 жылдың сәуір айынан 30 маусымына дейін жүргізіледі.
Конкурстың облыстық кезеңінен женімпаздарын облыстық комиссия, ал конкурстың республикалық кезеңінен женімпаздарын республикалық комиссия анықтайды.
Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін өтетін болады.
Облыстың барлық кәсіпкерлерін «Еңбек жолы» конкурстарына белсенді қатысуға шақырамыз.
Қатысушылар туралы ақпаратты labor@mail.ru электрондық мекенжайға ұсынуға болады.