Құрметті достар, біз сіздерге Ualikhanov University-дің Түлектеріне арналған Upgrade орталықтың Ресми түрде Ашылуы туралы мақтана, қуана хабарлаймыз!

2023 жылдың 21 желтоқсанында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өзінің қымбатты түлектерін қолдау мен дамуына арналған жаңа Upgrade орталықтың есігін айқара ашты.

Университетіміздің ректоры Сырлыбаев Марат Қадырұлы өскелең ұрпаққа өзінің жылы лебіздірін білдірді. Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректор Жакупова Айгүл Досжанқызы қазіргі заманғы үздіксіз білім беру тұжырымдаманың контекстінде Upgrade Орталықтың мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады.

Upgrade Орталық – бұл даму мен өсуге арналған білім беру платформасы, тәжірибе мен амбициялар тоғысатын орын. Біз түлектерімізге білім алмасуға, тәлімгерлікке, одан әрі кәсіби және тұлғалық өсу үшін ресурстарға қол жеткізуге болатын бірегей алаңды ұсынуды мақтан тұтамыз.

Университеттің жетекші оқытушылары түлектердің қызығушылықтары мен қажеттіліктері негізінде әзірленген курстармен таныстырды.

Ашылу салтанатында барлық дайындық бағыттарының түлектері мен курстастар тағы да кездесті.

Түлектер Upgrade орталықтың жұмысына алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Біз қатысқан әрбір адамға алғысымызды білдіреміз. Біз бірге жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге толы болашақты жасаймыз.

Біз сіздермен Upgrade орталығында кездесулерді асыға күтеміз, орталық біздің түлектеріміз үшін жаңа көкжиектер ашады, сондай-ақ біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі болады!