2024 жылдың 12 қаңтар күні сағат 15:00 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бас ғимаратында 2024-2028жж. арналған 6В01502 География-тарих, 7М01501-география білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге кафедраның қауымдастырылған профессоры, PhD Есенжолов Б.Х., лекторлар Канитаева К.П., Еламанова А.Б., Данкина Г.Р., Плачинта И.Г.,Турлубекова А.Е., сондай-ақ қаладағы әл-Фараби атындағы IT лицей, С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі, №1,2,4,5,12,19 орта мектептерінен арнайы шақыртылған география және тарих пәндерінің мұғалімдері, студенттер мен магистранттар қатысты.​

Кездесу барысында болашақ мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға қажетті оқылатын пәндерге түзетурлер мен ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде бакалавиартта тарихи және географиялық өлкетану, геология және геоморфология пәндерін енгізу немесе біріктеріп оқыту, магистратурада олимпиадаға даярлау әдістемесі пәнін енгізу ұсынылды.