Алматыда "Ақ жол" жастар форумы өтті - Болашақ белсенді және батыл.Алматыда Қазақстандағы жастардың даму келешегі мен өзекті мәселелерін талқылауға арналған "Ақ жол" жастар форумы өтті. Форум жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, "Ақ жол" партиясы филиалдарының басшылары, еліміздің барлық өңірлерінен келген жас делегаттар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Форумға қатысушылардың арасында жоғары медицина мектебінің 4 курс студенті, түрлі конкурстардың жеңімпазы - Тайлақов Жандос та болды. Ол "Aq jol" пікірсайыс турниріне қатысып, өзінің аналитикалық ойлауы мен дәлелдеу дағдыларын көрсетті.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша Тайлақов Жандос құрметті 2 орынға ие болды, онымен біз оны шын жүректен құттықтаймыз!
Мұндай іс-шараларға қатысу жастардың көшбасшылық қасиеттері мен шешендік шеберлігін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, еліміз үшін маңызды мәселелерді талқылауға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.