Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы басқармасы "Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік олимпиада" өткізілді.
Іс-шараға түрлі жоғары оқу орындарынан 20-дан астам студенттік команда қатысты. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің заң факультетінің командасы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, сенімді түрде бірінші орынды иеленді.
Бұл жетістік студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының ерен еңбегінің жемісі болды. Университет басшылығы мен оқытушылары жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістіктеріне мақтаныш сезімін білдіреді.
Біздің ұжымды құттықтаймыз және алдағы уақытта да жетістіктер тілейміз!