Жеңіс күніне орай Ш.Уәлиханов атындағы университеттің ректоры Марат Қадірұлы бастаған делегация Жеңіс монументіне салтанатты түрде барды. Олар құрметті қарауылдың сүйемелдеуімен Даңқ аллеясындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осы сәт баршаға ата-бабаларымыздың өлмес ерлігімен жеткен Ұлы Жеңістің маңыздылығы мен бағасын еске түсірді.