Биылғыжылы Ualikhanov University-нде медицина факультетіндегі оқу залындағы бірнеше жылдар бойы жұмыс істеген кітапханашы Байкенова Кулназия Қазбековна өзінің қызметін аяқтауда.

​Құрметті Кулназия Қазбековна, Сіздің адал да кәсіби еңбегіңіз бен мейірімді ықылас пейіліңізге, студенттерге танытқан қамқорлығыңыз бен жылы жүзіңізге шын жүректен алғыс білдіреміз.​

Сіз университет қабырғасында медициналық білім алып жүрген студенттерге қажетті кітаптар мен әдебиеттерді табуға көмектесе отырып, электронды кітапханамен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін үйреттіңіз, әртүрлі вебинарлар мен конференцияларға қатысуға шақырдыңыз, оқу залының соңғы минуттарына дейін отырғанымызда, біздің жақсы білім алуға тырысқанымыздың куәсі бола білдіңіз.​

Сізге және өзіңіздің жақындарыңызға толағай табыстар мен мықты денсаулық тілейміз!​

Құрметпен: медицина факультетінің студенттері.