Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында «Жаңа Қазақстанның Конституциясы және реформалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында «Жаңа Қазақстанның Конституциясы және реформалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өтіп, ашық пікір алмасу алаңына айналды.
Кездесу барысында қатысушылар конституциялық реформалардың ел дамуына, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға тигізетін әсерін талқылады. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғамның шешім қабылдауға қатысуын кеңейту және демократиялық институттарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Т
алқылау нәтижесінде құқықтық тетіктерді жетілдіруге және Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қағидаттарын дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Дөңгелек үстел ғылыми-сараптамалық диалогты дамытуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және Конституцияның қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті.