Сертификаттарға университет түлектері ие болды. Олар екі бағыт бойынша оқуды сәтті аяқтады:
• «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» курсын 20 адам аяқтады (2025 жылғы 20 қазаннан 25 қарашаға дейін);«Бизнеске арналған ағылшын тілі» курсын 19 адам тәмамдады (2025 жылғы 28 қазаннан 28 қарашаға дейін).
Сертификаттарды академиялық мәселелер жөніндегі проректор Рыспаева Динара Сарсембаевна табыстап, тыңдаушыларды курстарды сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.
Upgrade орталығы университет түлектеріне, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдеріне қолдау көрсетеді. Орталықтың қызметі еңбек нарығында сұранысқа ие негізгі құзыреттер бойынша біліктілікті арттыруға бағытталған.
Орталықтың мақсаты — тұлғаны өмір бойы жан-жақты дамыту, қарқынды өзгеріп отырған әлем жағдайында кәсіби және әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыру, сондай-ақ үздіксіз білім алуға деген ынтаны қалыптастыру.
Курстардың барлық түлектерін құттықтай отырып, жаңа кәсіби жетістіктерге нық қадам басуларына тілектестік білдіреміз.