Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Медетов Нұрлан Әмірұлы құттықтау сөз сөйлеп, университет ПОҚ алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыс етті. Сондай-ақ, ректор атынан студенттерге Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбындағы эссе байқауы және "Атамекен" тақырыбындағы диктанттар байқауы үшін грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Диктант жазуға жалпы тіл білімі және әдебиет кафедрасының 39 студенті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 100 студенті қатысты. Диктанттар байқауының жеңімпаздары Казанцева Маргарита, Бейсенбекова Аяулым, Дүйсенбаева Жаңаим, 1 курс студенттері болды.Эссе байқауына 45 студент қатысты. Эссе байқауы бойынша 1 орынды жоғары медицина мектебінің 3 курс студенті Мұхамедина Азалия иеленді-бұл жұмыс Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданды.2 орынды Жоғары бизнес және құқық мектебінің 2 курс студенті Левченко Николай, 3 орынды Педагогикалық институттың 4 курс студенті Дановец Эдуард иеленді.Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз және елімізге өркендеу тілейміз!