2025 жылдың қараша айында Күміс университетінің 40 тыңдаушысы Ualikhanov University-дің Өмір және денсаулық туралы ғылымдар институтының “Күміс буын және денсаулық” ғылыми жобасы аясында «Олимп» КДЛ базасында кезекті клиникалық-зертханалық тексерістен өтті.
Жобаның жетекшісі – Игисин Н.С.

Денсаулық мәдениетін арттыру және зертханалық-клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша тыңдаушыларға кеңес беру мақсатында 2025 жылдың 3 желтоқсанында жоба қатысушылары алдында төмендегі мамандар сөз сөйледі:

  • Рүстемова Күлсара Рүстембекқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
  • Дюсембина Жанбота Досантаевна, лектор ассистенті;
  • Әбдіқазыымова Сауле Ғабдисәлімқызы, лектор ассистенті.

Кездесудің басында зерттеудің жинақталған нәтижелері ұсынылып, қанның биохимиялық және жалпы талдауының, сондай-ақ зәрдің жалпы талдауының бірқатар көрсеткіштері бойынша түсініктемелер берілді. Одан кейін спикерлер зертханалық талдау нәтижелеріндегі айқын ауытқулардың себептері мен салдарын түсіндірді. Тамақтануға қатысты ұсынымдар берілді.

Топтық кездесуден кейін мамандар тыңдаушыларға талдаулар бойынша жеке кеңес жүргізді.