Құқық онкүндігін өткізу кезеңінде 2023 жылғы 23 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдар залында Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, университетіміздің құрметті профессоры А.Т. Рахимов Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын түсіндіру бойынша кезекті дәріс өткізді.
Мультимедиялық құралдарды, графикалық және бейне ақпаратты көрсетуді қолдана отырып, теориялық ережелердің кең ауқымы қарастырылды.Университет пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзара іс-қимылы жүйелі сипатқа ие. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы алдын алу, қызметкерлер мен студенттер арасында адалдық пен парасаттылықты дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлары тұрақты негізде іске асырылуда. Жасалған меморандум негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер, оқытушылар, студенттер мен магистранттар қатысатын жұмыс кездесулері, кеңестер, оқыту курстары өткізіледі.
Құқық кафедрасының студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған конкурстарға бірнеше рет қатысып, жеңіске жетті. Сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша дипломдық және магистрлік диссертациялар орындайды.
Құқық магистрлерін даярлау бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс" білім беру бағдарламасы бірлесіп әзірленді.
Академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру "Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет"пәнін оқыту арқылы оқытушылар жүзеге асыратын тәрбие жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Ашық ынтымақтастық қоғамның құқық қорғау органдары мен мемлекет институттарына деген жоғары сенімін қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады.Дәріске университет ректоры М. К. Сырлыбаев қатысып, өткізіліп жатқан іс-шараларға жоғары баға берді.Кездесу қызу қызығушылық тудырып, теориялық және қолданбалы сипаттағы тақырыптық мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызды.