2026 жылғы 12–16 қаңтар аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Үздіксіз білім беру институты тарапынан 2025–2026 оқу жылы аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған «Кәсіптік бағдар беру» апталығы өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты - әр мамандыққа қатысты толық ақпарат бере отырып, тыңдаушыларымыздың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауларына себепкер болу.

Іс-шара барысында тыңдаушыларымыз бірнеше кафедрада, атап айтсақ, "Химия және биотехнология", " Биология және ОӘ", "Физика , математика ,информатика ", "Жоғары медицина мектебі" және С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтына қарасты " Инженерлік технологиялар және көлік", "Тау-кен ісі, құрылыс және экология", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" кафедрасында болды.

Әр кафедра меңгерушісі мен оқытушылары өз кафедралары бойынша дайындалатын мамандықтар, оқу ерекшеліктері, академиялық бағдарламалар бойынша шетел жоғарғы оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері, болашақта бір мамандық бойынша бірнеше салада жұмыс істеу туралы кеңінен ақпарат берді. Одан ары тыңдаушыларымыз әр кафедраның дәріс аудиторияларымен, заманауи зертханаларымен, соңғы үлгідегі құрылғыларымен жабдықталған практика кабинеттерімен, робототехника кабинеттерімен танысты.

Кафедра оқытушылары тыңдаушылар тарапынан қойылған мамандыққа қатысты , оқу ерекшеліктеріне қатысты сауалдарына жауап берді. Тыңдаушыларымыздың алған әсерлері мен қызығушылықтарының ерекше болғанынан – ақ іс- шараның қызықты әрі пайдалы болғанын аңғару қиын емес. Мұндай іс- шаралар тыңдаушыларымызға мамандықты дұрыс таңдауға, алдарын мақсат қойып, сол мақсатына жету жолында алға ұмтылуларына мотивация болатыны сөзсіз.

Іс- шарамыздың осындай жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, ерекше үлес қосқан кафедра меңгерушілері мен оқытушыларына алғысымыз шексіз. Дендеріне саулық, жұмыстарына жетістік, еңбектеріне жеміс тілейміз. Ал тыңдаушыларымызға тілеріміз мамандық таңдауда да, жоғарғы оқу орнына түсуде де сәттілік!