2024 жылғы 26 қаңтар мен 9 ақпан аралығында Тарих, география және ӘГП кафедрасының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттеріне арналған "Шақырылған профессор" бағдарламасы аясында "Деректану" пәні бойынша дәрістерді тарих ғылымдарының докторы, Уфа заң институтының Мемлекет тарихы және теориясы кафедрасының профессоры Роза Гафаровна Буканова өткізеді.
Белгілі ғалым Scopus және Web of Science ғылыми-метрикалық базаларында жарияланады, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры, "ЕҰУ хабаршысы" редакциялық алқасының мүшесі, PhD ғылыми жетекшілігімен айналысады. Ғылыми басылымдарда тарихи оқиғаларға, жаһандануға, мәдениетке, қалалардың күнделікті өмірін зерттеу әдістемесіне арналған зерттеулер көрсетілген. Р.Г.Буканова құрметті қонақ ретінде "Абуев оқулары-І" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.