2025 жылғы 28–30 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының «Ғылыми зерттеулер менеджменті» кафедрасының меңгерушісі Қалыс Алпыспқызы Ногойбаева 3-курс студенттеріне онлайн-дәрістер өткізді.
Дәрістер тақырыптары:
Сипаттамалық зерттеулер
Сипаттамалық статистикалық деректерді өңдеу
Талдаулық зерттеулер және себеп-салдарлық байланысты өлшеу әдістері
Сабақ барысында студенттер ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негіздерімен танысып, статистикалық деректерді талдау және интерпретациялау дағдыларын меңгерді. Әсіресе, ғылыми зерттеулердегі себеп-салдарлық байланысты анықтау әдістеріне ерекше назар аударылды, бұл студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін арттырды.
Іс-шара студенттердің академиялық көкжиегін кеңейтіп, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.