Ғылым күні қарсаңында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің...
Ғылым күні қарсаңында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Бердібай Шалабай Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты - «Құрмет» орденімен марапатталды.
Аталған марапат профессордың отандық филология ғылымын дамытуға қосқан көпжылдық қажырлы еңбегінің, қазақ тіл білімінің көкжиегін кеңейтудегі зор үлесінің және қазақ тілі мен филология саласы бойынша бірнеше буын мамандары мен ғалымдарын даярлаудағы елеулі қызметінің айқын дәлелі болып табылады.
Сізді мәртебелі марапатыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс және ғылым жолындағы өнегелі еңбегіңіздің жемісі ұрпақ тәрбиесіне қызмет ете беруін тілейміз!