Академиялық ұтқырлық шеңберінде «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» Жоғары медицина мектебінің хирургиялық пәндер кафедрасында 27.01.2025-31.01.2025 ж. «МУА» анестезиология және реанимация кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Мұстафин А.Х. 3 және 6 курс студенттеріне дәріс оқыды.  

Дәріс тақырыптары: Тыныс алудың клиникалық физиологиясы, Интенсивті терапия тәжірибесіндегі қан айналымының клиникалық физиологиясы.Интенсивті терапия тәжірибесінде геморрагиялық.

Кардиогенді шок. Миокард инфарктісі. Өкпе эмболиясы.

Су-электролит балансы парентеральді тамақтану.

Семинарлар: Ситуациялық тапсырмалар. ЭКГ. Ситуациялық тапсырмалар.

Дәріс материалында тыныс алу мүшелерінің және жүрек-тамыр жүйесінің патофизиологиялық механизмдері қарастырылды.

Тыңдаушылар геморрагиялық және кардиогенді шок пен өкпе эмболиясын емдеудегі қарқынды терапияның заманауи тәсілдерімен таныстырылды.

Дәріс барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.