Кәсіптік бейімдеу бағытындағы іс-шаралар шеңберінде Ualikhanov University Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі"; "Туризм"; "Банк ісі және қаржы менеджменті"; "Есеп және аудит" білім беру бағдарламалары бойынша Бизнес және құқық жоғары мектебінің 4 курс білім алушылары үшін кездесу ұйымдастырды. Студенттерге қонақ дәрісіне бизнес өкілдері келді: Ануар Досымов - "FillinGroup" компаниялар тобының құрылтайшысы және негізін қалаушы сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлегі Раиса Ескендирова - кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі сарапшы, Қазақстандағы senior Experten Services неміс қорының өкілі. Қарым – қатынас, адамдармен байланыс орнату және қолдау мүмкіндігі, дамудың жаңа деңгейлеріне шығу мүмкіндігі-бүгінгі күнге дейін қажет қасиеттер.