Ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Ш.Уәлиханов атындағы КУ-нің КЕАҚ Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы 2022 жылғы 23 қарашсында «Агрономия» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС-не экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жұмысқа орналасуға, тәжірибеден өтуге жәрдемдесу. «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС филиалының директоры Н.В. Ходаковская: компанияның қызметі туралы, ал аграрлық сектордағы цифрлық технологиялар туралы Е.В.Чесноков агроменеджмент директоры ақпарат берді, А.В. Геллерт – қызмет көрсету бөлімінің үйлестірушісі: сервистік жүйе және сервистік қолдау туралы айтты; департаменттің кадр қызметінің басшысы – Л.Б.Амрина студенттерді компанияның миссиясымен және құндылықтарымен таныстырды.

Бүгінде аталмыш компанияда университет түлектері өз жұмысын атқаруда: «Ауыл шаруашылығы техникасы және технологиясы» ББ Омаров Ильнур – 2022 жыл түлегі; Манашев Жарас – 2021 ж. және өткен жылдардың түлектері; «Агрономия» ББ студенттері Ж.Г.Мергенов, А.Д.Утков өндірістік тәжірибеден өтуде.; А.Т.Жамбыл, Р.Нұрлыбек John Deere студенттері арасындағы жарысқа қатысуда.Студенттерімізге сәттілік және одан әрі жемісті ынтымақтастық тілейміз!