«Педагогикалық білім беруді нығайту бағдарламасы» (STEP) жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы университетінің оқытушылары және Көкшетау қаласының мұғалімдері білім сапасын арттыруға бағытталған ең жаңа STEM әдістемелерін меңгеруде. Жоба Қазақстандағы STEAM даму жол картасының шеңберінде жүзеге асырылуда және бір уақытта бірнеше елдерде: Малайзия, Камбоджа, Индонезия және Таиландта жүзеге асырылуда. Бұл бастамаға Оңтүстік-Шығыс Азия білім министрлері ұйымы (SEAMEO) және Chevron компаниясы қолдау көрсетеді.
Курстардың ресми ашылуы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 18 маусымда өтті. «Жоғары білім берудегі STEM тәсілін интеграциялау: Мұғалімдерге арналған стратегиялар мен әдістер» деп аталатын курстың бағдарламасына STEM пәндерін оқытудың заманауи стратегиялары мен әдістері кіреді.
Салтанатты шараға «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Жасұланқызы Айтмұханова және «Білім керуені» корпоративтік қорының бас директоры Зарина Мұсақызы Биюмбаева қатысты. Олар білім сапасын арттырып, жоғары білікті мамандар даярлаудағы мұндай бастамалардың маңыздылығына тоқталды.
Екі аптаға созылатын курстар мұғалімдерге біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және оқу орындарында озық тәжірибені енгізуіне бірегей мүмкіндік береді.