Кәсіби бағдарКәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде университеттің институттары мен жоғары мектептерінің өкілдері 17.10., 18.10., 19.10, 20.10. 2022 ж. Көкшетау қаласындағы № 4, № 8, № 13, № 1 жалпы білім беретін мектептерге барды.Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ж. Б. Нұркина қандай білім беру бағдарламаларына қабылдау жүзеге асырылатынын, ҰБТ-ға қандай шекті балл жинау керектігін, педагогикалық, шығармашылық және медициналық бағыттарға түсушілер үшін қандай түсу емтихандарын тапсыру керектігін айтты.
Ағымдағы жылы ҚР БҒМ білім беру грантына және Ақмола облысы әкімінің грантына ҰБТ-ның қандай балдарымен түсуге болатыны туралы ақпарат және оқуға түсу үшін басқа да көптеген пайдалы ақпарат берілді.Кездесуге университеттің институттары мен жоғары мектептерінің өкілдері де қатысты: Лисицын Ю.В., Жапарова Д.К., Ноғаев Ю.Я, Ибраева А.М., Сапаш Ш.Б., КазкеноваГ.Т., ХасеиноваГ.С., Алпысов А.Р., Б.А. Нукиев, Крамаренко Б.В., А.Б. Хабдулин, Мукажанова Ж.М., Пулькина А.В., Искакова С.М. Олар мамандықтардың артықшылықтары, оқу перспективалары, студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып беріп,түлектердің сұрақтарына жауап берді.