«Шақырылған шетелдік маман» бағдарламасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасында «Абайтану» және «Түркітануға кіріспе» пәндері бойынша Mugla Sitki Kocman университетінің (Мугла қ.,Түркия) профессоры, PhD Аян Экрем дәрістерін өткізіп жатыр.

Профессор Аян Экрем жақында университетіміздің басшылығымен кездесу өткізіп, алдағы ынтымақтастықты талқылады. Дәрістер қазіргі уақытта сәтті өтіп, білім алушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызуда. Бұл ынтымақтастық қазақ тілі мен түркология саласындағы білімімізді тереңдетуге және университеттеріміз арасындағы академиялық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Біз осы бірлескен бастамалардың ғылым мен білімнің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз!