Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Инклюзивті білім берудің жол картасын» іске асыру аясында білім алушыларға арналған Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды.Бүгін, 2025 жылдың 30 қазанында, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Ракишева Г. М. магистранттармен бірге ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы жабдықты оқу процесінде пайдалану бойынша сабақ өткізді.Магистранттарға арнайы сатып алынған жабдық және оның өзіндік жұмысты ұйымдастыру мүмкіндіктері көрсетілді.Аталған жабдық туралы алынған білім білім алушыларға сабақ жоспарлауға және болашақ мамандардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Бұл жабдықты білім алушылардың бітіру біліктілік жұмыстары мен магистрлік диссертациялардың эксперименттік бөлігін дайындауда пайдалану туралы ұсыныс енгізілді.Барлық қызығушылық танытқан жандарды осы жабдықты қолдану бойынша дағдыларды үйренуге шақырамыз!