STEP (Strengthening Teaching Education Program) жобасы шеңберінде, мұғалімдер мен оқытушыларды STEM әдістемелеріне оқытуға бағытталған және Малайзия, Камбоджа, Индонезия, Таиланд және Қазақстанда бір уақытта жүзеге асырылып жатқан жобаның аясында, 2024 жылғы 29 қазанда ИПК курсының тыңдаушыларына «Жоғары білімде STEM әдісін интеграциялау: оқытушыларға арналған стратегиялар мен әдістер» тақырыбында сертификаттар табыс етілді, сондай-ақ «Үздік STEAM-сабақ» байқауының жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар тапсырылды. Номиналы 200 мың теңгелік сертификаттарға физика, математика және информатика кафедрасының доценті, PhD Шуюшбаева Нұргүл Найзабекқызы және химия және биотехнология кафедрасының лекторы, техникалық ғылымдар магистрі Евлоева Хава Сұлтановна ие болды. Номиналы 100 мың теңгелік сертификаттармен химия және биотехнология кафедрасының лекторлары, жаратылыстану ғылымдарының магистрлері Баярболта Рина мен Ногоев Юсуп Юкубович марапатталды. Барлық қатысушыларды сертификаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!