"Балаңа уақыт арна!" 29 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы университетте балалардың бос уақыты мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жастар саясаты департаменті ювеналды полиция инспекторымен және облыстық ТЖ департамент қызметкерлері университет қызметкерлерінің балаларына қонақ дәріс өткізді. Балаларға олардың құқықтары және өздерін және достарын қорғаудың маңыздылығы туралы айтылды. Учаскелік инспектор жол қозғалысы ережелерін еске салып, көшедегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері, төтенше жағдайлардағы мінез-құлық туралы айтып берді. ТЖ департаментінің қызметкерлері жазда болатын жоғары өрт қаупі туралы, өрттің алдын алу туралы, түтін немесе өрт кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін, өрт сөндіргішті қалай пайдалану керектігін көрсетіп, қауіпті жағдайларды болдырмау үшін суда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді.
Дәрістер арасында "Думан" педагогикалық отрядының тәлімгерлері әртүрлі жастағы балалар арасында достық атмосфера құрды, олармен спорттық жаттығулар, белсенді ойындар мен шағын конкурстар өткізді.